Әскери форма сатумен айналысатын сауда орындары тексерілуде

0
781

Заң бойынша мұндай формаларды сатумен айналысатын саудагер тұтынушыдан қызметтік куәлігін талап етуі тиіс.


Әскери форма сатумен айналысатын сауда орындары тексерілуде

ERNUR.KZ. Қалалық тәртіп көтерме және бөлшек сауда арқылы полицияның формалық жарақтарын сату нүктелерінде арнайы рейдттік іс-шаралар жүргізді, деп жазады Polisia.kz.


– Бүгінгі таңда, заңсыз полиция формасын кию және саудалау, пайдалану фактілерінің көбейіп отырғанына байланысты арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізу керек болып отыр. Заң бойынша мұндай формаларды сатумен айналысатын саудагер тұтынушыдан қызметтік куәлігін талап етуі тиіс. Алайда саудагерлер бұған көз жұма қарайтыны белгілі. Тәртіп сақшысының формалық киімін кез-келген қылмысқа ниетті адам немесе қылмыскерлер оп-оңай сатып алуы мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай жағадайлар өте жиі кездеседі. Тұтынушының өтініші бойынша саудагерлер оларға керек полицияның киім үлгісін, әскери шенін, ерекше белгілерін дайындап бере алатындықтары бірнеше рет жүргізілген жасырын тексеру барысында анықталып отыр, – деп атап көрсетті Алматы қаласы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Саламат Ниязбеков.




Оның мәліметінше, арнайы рейдттік іс-шаралар барысында өткен күндері алты сауда нүктелерінің қожайындары ҚР ӘҚБК-нің 196-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған көрінеді. Тексеру жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.