Әскери қару сақтаған 27 жастағы павлодарлық ұсталды

0
1 724

Күдікті бұрын үш рет сотталған.


Әскери қару сақтаған 27 жастағы павлодарлық ұсталды

ERNUR.KZ. Полицейлер Павлодар қаласының тұрғынынан әскери арсеналды тәркіледі, деп жазады Polisia.kz.

Жедел мәліметтер бойынша, бұрын үш рет сотталған 1993 жылы туған А.есімді азамат, жалдамалы пәтерде сегіз бірлік әскери қаруды сақтаған.


– Күдікті қамауға алынды. Одан карабин, винчестер, “Макаров” жүйелі тапаншасы және әр түрлі үлгідегі бес шонтық мылтық табылды және тәркіленді. Қару-жарақ сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді, оның барысында олардың шығу тегі, тиесілігі және қылмысқа қатыстылығы белгілі болады. ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. А.азамат ұсталды, – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.