Әскери қызметін атқарғандар білім грантын өтемейді

0
218

Оқуын жалғастыру үшін кейінге қалдыруға құқығы бар, бірақ өз еркімен әскери қызметке шақырылған азаматтардың да оқу орны сақталады.


Әскери қызметін атқарғандар білім грантын өтемейді

ашық дереккөз

ERNUR.KZ. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасында мерзімді әскери қызметін өтеген, сондай-ақ әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқан азаматтар үшін мемлекеттік білім беру грантын өтеу міндетін алып тастау ұсынылған, деп жазады ulysmedia.kz.

Сондай-ақ әскери қызметке, міндетті әскери қызметке немесе әскери дайындыққа шақырылған азаматтар медициналық комиссиядан өткен кезеңде олардың жұмыс орны, лауазымы және жергілікті әскери басқару органдарына шақыру қағазы болған жағдайда жалақысын сақтау ұсынылады. Оқуын жалғастыру үшін кейінге қалдыруға құқығы бар, бірақ өз еркімен әскери қызметке шақырылған азаматтардың да оқу орны сақталады.

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтеген азаматтар жұмыстан шығарылған күннен бастап екі жыл ішінде ҰБТ және емтихан нәтижелерін есепке алмай, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ақылы негізде оқуға түсу құқығына ие болады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында квота шегінде конкурстан тыс негізде оқи алады.

Ал оқуын жалғастыру үшін кейінге қалдырудан бас тартқан және әскери қызметке шақырылған азаматтарға оқуын экстернат түрінде, оның ішінде білім беру грантын жоғалтпай жалғастыру мүмкіндігіне кепілдік беріледі.