Әскери қызметшілер Алматы әуежайындағы жағдайды көрсетті

0
559

6 қаңтарда Алматы әуежайына шабуыл жасалған болатын. Содырлар 5 ұшақты басып алды.


Әскери қызметшілер Алматы әуежайындағы жағдайды көрсетті

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі Алматы әуежайындағы жағдайды видеоға түсірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Ақпарат бойынша, қарулы күштердің әскери қызметшілері Алматы халықаралық әуежайында бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету үшін жолаушылардың билеті мен құжаттарын тексеріп жатыр. Бұл шаралар төтенше жағдай кезінде міндетті екені хабарланды.

6 қаңтарда Алматы әуежайына шабуыл жасалған болатын. Содырлар 5 ұшақты басып алды. Кейінірек әуежай босатылды. Бүгінде қалада терроризмге қарсы іс-шаралар жүріп жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда жолаушыларға рейстер бойынша ақпарат алуға арналған жедел желі іске қосылды, нөмірлері: +7 7172 798 213, +7 7172 798 214.