Оқу жылын ұзартқандағы үміт ақталмаған.
ERNUR.KZ. Бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов соңғы қоңырауды 25 мамырдан 1 маусымға ауыстыруға қатысты өз ойын айтты, деп жазады baq.kz.
Айтуынша, оқу жылын ұзартқандағы үміт ақталмаған. Балалардың да сабақ оқуға құлқылары жоқ, оқулықтарын өткізіп қойған немесе сынып сағаттарында отырады.
Депутат өз балаларының бұл кезеңде сабақ оқитындарын айтты. Ал өңірлерде жағдай әртүрлі және бұл мәселені Оқу-ағарту министрлігі шешуі тиіс деп есептейді.
Егер оқулықтарды жинап алса, бұл сұрақты маған қоймауларыңыз керек. Бұл сұрақты Оқу-ағарту министрлігіне қою қажет. Мен әріптестерімнің бұл мәселемен айналысып жатқанына сенімдімін. Ол жерде барынша білікті құрам жұмыс істейді. Қызметкерлер өз жұмысын біледі, - деді Асхат Аймағамбетов Мәжілістің кулуарында берген сұхбатында.
Сонымен қатар ол саяси жұмыста министр немесе өзге мемлекеттік қызметші ретінде барлығына ұнайтын шешімді ғана қабылдау қажет деп санайтынын жасырмады.
Мысалы біз мектеп директорларын ауыстыруды ұсындық. 7 мың мектеп директорына бұл ұсыныс ұнады деп ойламаймын. Біз директорлардың жұмыс істеу мерзімін бес жылмен шектеу туралы айттық. Ол да бәріне бірдей ұнай қоймауы мүмкін. Кез келген шешімді жақтайтындар да, ұнатпайтындар да табылады. Ең бастысы, оған әрқашан негіз болуы тиіс, зерттеу, тәуекелдер назарға алынуы қажет. Елге қажетті шешімді ғана қабылдаған дұрыс, - деді мәжілісмен.