"Аскорбин қышқылын" 5 000 теңгеден сатқан тұрғын ұсталды

0
933

"Аскорбин қышқылының" негізгі бағасы - 250 теңге.


ERNUR.KZ. 5 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізді, деп жазады Polisia.kz.

Тексерулердің мақсаты - карантин уақытында қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін пайдаланып, жоғары сұранысқа ие болған респираторлық вирустық аурулардан емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен азаматтарды анықтау.

Рейд барысында дәрі-дәрмектерді жаппай сатып алуды ұйымдастырған адамдар анықталды. Олар дәрі-дәрмектің жасанды тапшылығын тудырып, кейін дәрілерді нақты құнынан бірнеше есе артық бағамен қайта сатқан.

Ондай деректер еліміздің барлық өңірінде анықталды. Кәсіпкерлер дәрі-дәрмектерді "сөреден" сатып алып, фискалдық чектерді шығармай сатқан. Салдарынан адамдар дәрілерді қымбат бағаға алуға мәжбүр болған.

Сонымен қатар, әйел адам интернет-ресурстардағы хабарландыру арқылы "Парацетамол", "Ингавирин", "Цефтриаксон", "Азитромицин" сияқты аса қажетті дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқан. Нұр-Сұлтан қаласындағы ОСО-ның бірінің тұрағында ер адам ұсталды, оның автокөлігінен аталған дәрілік препараттары бар екі қорап табылды.

Шымкент қаласында "Левомак" медициналық препаратын 12 000 теңгеге сатқан жергілікті тұрғын полицияға жеткізілді. Ол дәрі бағасын өз бағасынан алты есе қымбатқа сатқан.

Дәріханада провизор болып жұмыс істейтін Шымкент қаласының тағы бір тұрғыны "Дексаметазон-Аджио" препаратының ампулаларын 5 000 теңгеден сатқан, ал оның негізгі бағасы - 600 теңге.

Түркістан облысында ер адам "Аскорбин қышқылын" 5 000 теңгеден сатқан, оның негізгі бағасы - 250 теңге.