Астана әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалды

0
1 235

Шабуылдың жасалғаны Талдау және кибершабуылды зерттеу орталығының WebTotem мониторингтік жүйесі арқылы анықталған.


Астана әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалды

ERNUR.KZ. Хакерлік шабуылдан Астана әуежайының сайты уақытша қолжетімсіз болды, деп жазады ҚазАқпарат.

«2019 жылдың 3 наурызында сағат 00:37 минутта Астана әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалып, сайт уақытша қолжетімсіз болды. Шабуылдың жасалғаны Талдау және кибершабуылды зерттеу орталығының WebTotem мониторингтік жүйесі арқылы анықталды», -делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, әуежай сайты таңғы 10 сағат 20 минутта қайта қалпына келтіріліп, штаттық режимде жұмыс істеді. Шабуылдың әсерінен сайттың тек онлайн-тақтайшасы ғана қолжетімсіз болды, келеңсіздік әуежайдың жұмысына кедергі келтірмеді.