Astana LRT жанында құрылысшылар жаппай төбелесті

0
427

Әріптестері оларды ажыратпақ болған, бірақ содан кейін өздері де төбелеске қосылып кеткен. Салдарынан жанжал жаппай төбелеске ұласады.


Astana LRT жанында құрылысшылар жаппай төбелесті

ERNUR.KZ. Елорда полициясының аудандық басқармасы әлеуметтік желіде тараған жаппай төбелестің видеосына қатысты пікір білдірді, деп жазады sputnik.kz.

Төбелес Astana LRT бағандарының жанында болған, оқиғаның нақты орны анықталмады.
Биіктен түсірілген видеода екі құрылысшы өзара төбелесе бастайды. Әріптестері оларды ажыратпақ болған, бірақ содан кейін өздері де төбелеске қосылып кеткен. Салдарынан жанжал жаппай төбелеске ұласады.
Полицияның хабарлауынша, оқиға 16 тамызда болған, бірақ видеода құрылысшылар жылы киініп алған.
Полицейлер төбелестің видеосын әлеуметтік желіні бақылау кезінде байқаған.
"Аталмыш факті негізінде "Алматы" ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп түсіндірді тәртіп сақшылары.
"Бұзақылық" бабы бойынша екі мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу (2 000 АЕК, 6 126 000 теңге) немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту жазасы қарастырылған. Сондай-ақ кінәлі (немесе кінәлілер) алты жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға жегілуі, екі жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін.