Астана мен Семейде із-түзсіз жоғалған екі адам өлі табылды

0
476

Астана мен Семейде әр уақытта із-түзсіз жоғалып кеткен екі адам өлі табылды.


Астана мен Семейде із-түзсіз жоғалған екі адам өлі табылды

ERNUR.KZ. Ер адамдар өлімінің мән-жайы айтылмайды, деп жазады tengrinews.kz.

Астанада 1993 жылы туған Пивачев Виталий жоғалып кетті. Ол 23 наурызда түнгі сағат 01:00 шамасында Чехов көшесіндегі үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп, қайтып оралмаған. 28 наурызда ер адамның қайтыс болғаны белгілі болды.

Жұмағұлов Нұрлан Талғатбекұлы 1954 жылы туған, Семейде тұратын. Ер адам 7 наурызда жоғалып кеткен. Ол үйден шығып, белгісіз бағытқа кеткен. Соңғы рет оны балықшылар суда көрген. 28 наурызда ер адамның қайтыс болғаны белгілі болды.