Түнгі уақытта елордалық мекемелердің бірінде жігіттер арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.
ERNUR.KZ. Түнде астаналық мекемелердің бірінде жанжал шығып, арты төбелеске ұласты. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы жарияланды, деп жазады tengrinews.kz.
Астана Полиция департаменті мәліметінше, түнгі уақытта елордалық мекемелердің бірінде жігіттер арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.
"Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде төбелеске қатысы бар адамдар полицияға жеткізілді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.