Қараша айынан бастап жол жұмысшылары мен жүргізушілердің жалақысын 20% - ға арттырамыз.
ERNUR.KZ. "Астана Тазалық" қызметкерлерінің жалақысы 20 процентке өседі. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Астана Тазалық" қызметкерлерін компанияның 14 жылдығымен құттықтадым. Біздің коммуналдық қызметтер күндіз де, түнде де, кез-келген ауа-райында жұмыс істейді: аязда, жаңбырда, қар жауғанда және жылы кезде. Олардың қажырлы және жауапты жұмысының арқасында қалада тәртіп пен тазалық сақталады. Коммуналдық қызметкерлер қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс істейді", - деді әкім.
Айтуынша, әкімдік жұмыс үшін қолайлы жағдайды жақсарту бойынша жұмыс істеп жатыр: мысалы, үш жыл ішінде 300-ден астам арнайы техника мен жабдықтар сатып алдық, осылайша автопаркті айтарлықтай жаңарттық және кеңейттік.