​Астанада 10 мың тұрақ ақылы болады

0
1 178

Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Сергей Хорошун мәлімдеді.


​Астанада 10 мың тұрақ ақылы болады

ERNUR.KZ. Астанада 10 мың тұрақ ақылы болады. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Сергей Хорошун мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

«2018 жылдың соңына дейін тағы төрт мың орын (тұрақ - түсініктеме) және 2019 жыл соңына дейін жалпы есепте 10 мың тұрақ орнын іске қосамыз. Оның жартысы оң жағалауда болады. Біз сіздердің белгілерді орнату жайлы ескертулеріңіз ескеріп, жаңа орындарды жайлы етеміз», - деп уәде берді Хорошун депутаттарға кезекті мәслихат сессиясында.

Оның айтуынша, 2018 жылы Нұржол бульварында ақылы тұрақ пилоттық жобасы аясында айыппұл түрінде бюджетке 30 миллион теңге түскен. Осыған дейін мәслихат депутаты Мәжит Шмайдаров Астанадағы бір жақты көшелерде қозғалыстың қиындағанын мәлімдеген еді.

"Сіздер сол жағалауда бір жақты қозғалыстың дамитынын айттасыздар, бірақ оң жағалауда да жол қозғалысын ретке келтіру қажет. Республика даңғылы мен 9 мамыр көшесінің аралығындағы Әуезов көшесіндегі бір жақты қозғалыс пен Мәскеу көшесінен Кенесарыға дейін Желтоқсан көшелерін дұрыстау қажет. Ол көшелерде толассыз автотұраққа айналып кеткен, оң жағында да сол жағында да көліктер тұрады. Апатты жағдайлар көптеп болып жатады, бұл көшелерде жаяу жүргішілерге қауіп көбірек. "Қазпошта" маңында "час-пик" кезінде жүру мүлде мүмкін емес. Барлығын ретке келтіріп, көлікті тұраққа қоюға тыйым салынғаны туралы белгілер орнату қажет. Жүру мүмкін емес. Тұрғындар әрдайым шақымдануда", - деді депутат өз наразылығын білдіріп.