50-ден астам адам тіркелген 600-ге жуық үй анықталды

0
1 184

Бұл ретте тек Астана қаласы бойынша көп адам тіркелген 100 мекенжай анықталды.


50-ден астам адам тіркелген 600-ге жуық үй анықталды

ERNUR.KZ. Астаналық полицейлер арнайы шара барысында бір үйге 50 және одан да көп адам тіркелген 600-ге жуық үйді анықтады, деп жазады ҚазАқпарат.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелер бойынша өзара іс-қимыл жасасуы және «Электрондық үй кітапшасын» құру бүгінгі күні бір мекенжай бойынша азаматтардың көп санының тіркелуін анықтауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта республика бойынша бір үйде 50-ден бастап одан да көп адам тіркелген 586 мекенжай анықталды.

Бұл ретте тек Астана қаласы бойынша көп адам тіркелген 100 мекенжай анықталды. Ағымдағы жылғы 7 қарашадан бастап ІІМ «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде тұрғылықты жері бойынша, оның ішінде қонақүйлерде, хостелдерде, жатақханаларда, тұрғын үйлер мен пәтерлерде тіркеусіз тұрып жатқан адамдарды анықтау бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Полиция қызметкерлері тұрғын үй иелерін және ондағы тұрып жатқан адамдармен тұрғылықты жері бойынша тіркелу қажеттігі туралы сұхбат жүргізуде, тұрғын үй иелері үйінде тұрып жатқан азаматтарды тіркемеген жағдайда әкімшілік жауапқа тартылатыны туралы ескертілуде. Көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапкершілікке тартылады. Осылайша, бір айдың ішінде 16,4 мың көші-қон заңнамасын бұзғандар анықталды. Оның 15,3 мыңы тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғандар және 1,1 мыңға жуығы үйінде тұрған адамдарды тіркеуден жалтарған тұрғын үй иелері.

Бұл ретте, бүгінгі күні әкімдіктер коммуналдық қызметтерге есептерді нақтылау үшін мекенжайда тіркелген адамдар санын ақпараттық жүйеде көре алады. Сондай-ақ осындай мекенжайларды анықтау кезінде салық органдарымен тұрғын үйді жалға беру бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығының болуы тексерілетін болады.