Астанада бас дәрігер COVID-19-ға бөлінген қаражатты заңсыз пайдаланған

0
514

Ол қандай да бір эпидемияға қарсы іс-шараларға қатыспаған жұбайына заңсыз үстемақы төлеген.


Астанада бас дәрігер COVID-19-ға бөлінген қаражатты заңсыз пайдаланған

ERNUR.KZ. Байқоңыр ауданының прокуратурасы COVID-19 короновирустық инфекциясына қарсы іс-қимылға бөлінген бюджет қаражатын заңсыз пайдалану фактісін анықтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Пандемия кезеңінде короновируспен күреске қатысқан медициналық ұйымдардың қызметкерлерін қолдау үшін тәуекел дәрежесіне байланысты жалақыға үстемақы төленгені белгілі.

Байқоңыр ауданының прокуратурасы «Достық» отбасылық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК қызметін тексеру нәтижелері бойынша емхана қызметкеріне негізсіз үстемеақы төлеу фактілерін анықтады.

Атап айтқанда, бас дәрігер пандемия кезінде жүргізуші ретінде жұмысқа қабылданған және қандай да бір эпидемияға қарсы іс-шараларға қатыспаған жұбайына заңсыз үстемақы төлеген.

"Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотының үкімі заңды күшіне енді, медициналық мекеменің басшысы мемлекеттік қызметте және басқа да салаларда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 14 875 000 теңге мөлшерінде қылмыстық айыппұлға сотталды", – делінген хабарламада.