Астанада дәрігерлердің салғырттығынан жүкті әйел көз жұмды

0
3 152

Науқастың өліміне себеп болған сырқаттың қаншалықты ауыр екені анықталмаған. Қаза болған жүкті келіншектің анасы Астана әкімдігінің № 1 перинатальды орталығынан моральдық және материалдық шығын өндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сотта белгілі болғандай, келіншек үш ай бойы дәрігерлерге қаралып, денсаулығының нашарлауына байланысты жүктілікті тоқтатуды өтінген. Дәрігерлердің өз міндетіне салғырт қарауы салдарынан науқастың өліміне әкеліп соқтырған сырқаттың қаншалықты ауыр екені анықталмаған", — деп жазылған баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соттың шешімімен марқұмның анасына 2 миллион теңге көлемінде моралдық шығын және 4,5 миллион теңгеден астам материалдық шығын өндірілді. Шешім заңды күшіне енді.