Астанада Диснейленд салынады

0
100

Жаңа жоба Шанхай қаласындағыдай Диснейлендке ұқсас болады деп жоспарланып отыр.


Астанада Диснейленд салынады

ERNUR.KZ. Астанада "Жібек жолы" деген атаумен Диснейленд салынады, деп жазады inbusiness.kz.

Жаңа жоба Шанхай қаласындағыдай Диснейлендке ұқсас болады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы әлеуметтік желіде "Астана архитектура" парақшасы хабарлады.

Жобаға тартылатын инвестиция көлемі 10 млрд доллар шамасында болады. Осы ірі жобаға байланысты елордада келіссөз өткен.

"Бүгін Астана қаласы әкімдігінің Astana Invest кеңсесінде Басқарма төрағасының орынбасары Орынбек Қуаныш ULKENBAY компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде Шанхай қаласындағы Диснейлендке ұқсайтын аттракциондар паркінің құрылысы бойынша ауқымды жоба талқыланды. "Жібек жолы" деп аталатын ойын-сауық кешені Қазақстан мен Қытай мәдени ерекшеліктерін үйлестіретін болады", - делінген хабарламада.

Болашақ жобаға тартылатын инвестиция көлемі 10 млрд доллар шамасында. Ал ауданы 400 га асады.