Астанада ер адам әйелінің маңдайын пышақпен тіліп жіберді

0
404

Келіншектің тұрмысқа шыққанына 3 ай болыпты.


Астанада ер адам әйелінің маңдайын пышақпен тіліп жіберді

Астана тұрғыны әйелінің маңдайын пышақпен тіліп жіберген. Абырой болғанда, келіншек аман. Тәртіп сақшылары дер кезінде жетіп, қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Айнұрдың тұрмысқа шыққанына 3 ай болыпты. Содан бері күйеуі тыныштық бермей ұрып соғады екен. Тіпті, бүгін қолына суық қару алып қақ маңдайын тілгілеген.
"3-4 рет үндеген жоқпын. Жасым 31-де,91 жылғымын. Ал ол 68 жылғы. Бірінші құлақтан ұрды, сосын пышақпен ұрды", - дейді Айнұр.
Айнұр секілді отбасындағы жанжалдан зардап шеккен әйелдер "Үміт" дағдарыс орталығына орналастырылады. Онда қазір 61 адам тұрады.
"Ең алдымен психолог көмектеседі. Одан кейін әлеуметтік жағынан көмек беріледі. Заңгерлеріміз ажырасу керек болса, алимент өндіруге қол ұшын береді", - дейді "Үміт" дағдарыс орталығының қызметкері: Жұлдыз Баймағанбетова.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, 102 нөміріне зорлық-зомбылық шағымымен күніне 40-50 қоңырау түседі. Былтыр бір жылда 17 мыңға жуық арыз тіркелген. Биыл ол көрсеткіш артпаса, кем емес дейді.
"Әйел адамның немесе жәбірленушінің денесінде қандай да бір зорлық-зомбылықтың ізі болса, сол арқылы және бейнежазба арқылы көршілерінің, туыстарының ауызша хабарламалары арқылы хаттама толтырылып, материалды сотқа жіберуге болады", - дейді қалалық ПД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Гүлмира Шрахметова.
Рейд кезінде Сарыарқа ауданы бойынша 7 қоңырау түсті. Оның 2-іне қатысты арыз жазылды. Іс сотқа жолданды.