​Астанада ер адам несие алған келіншекті банктен үйіне дейін аңдып, тонап кетті

0
1 335

Ер адам "құрбанын" банк бөлімшесінен бастап үйіне жеткенше аңдыған.


​Астанада ер адам несие алған келіншекті банктен үйіне дейін аңдып, тонап кетті

ERNUR.KZ. Астанада банк бөлімінен ақшалай несие алған әйел адамды үйінің ауласында тонап кеткен. Бұл туралы елорданың полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады nur.kz.

Тергеу материалдары бойынша, ер адам "құрбанын" банк бөлімшесінен бастап үйіне жеткенше аңдыған.

Сөмкесінде несиеге алған ақшасы бар келіншек үйінің ауласына кіргенде, ер адам тап беріп, ақшаны алып кеткен.

Тергеу барысында полицейлер күдіктіні тани алатын куәгерді анықтаған.

Оның түсініктемесінің негізінде 29 жастағы азамат тұтқындалды. Ол өз кінәсін мойындады.

Қазір ол уақытша ұстау абақтысында отыр. Полиция оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.