Астанада көшеден ер адамның мәйіті табылды

0
242

53 жастағы ер адамның мәйіті табылды.


Астанада көшеден ер адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Астанада кеше сағат 18:50-де 102 арнасына Байқоңыр ауданының Янушкевич көшесінде ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түскен, деп жазады ulysmedia.kz.

Полицияның мәліметінше, оқиға орнында пышақ жарақатын алған 53 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

«Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларының барысында 31 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Алдын ала мәлімет бойынша, екі адамның арасында жанжал туып, соңы кісі өлімімен аяқталған. Заттай дәлел ретінде пышақ табылып, қылмыстық іс қозғалды»,- делінген хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.