Астанада «Көшпенділер рухы: шексіз көкжиек» атты фотокөрме ашылды

0
485

Көрменің ашылуына дипломаттар, инфлюенсерлер мен өнер сүйер қауым қатысты.


Астанада «Көшпенділер рухы: шексіз көкжиек» атты фотокөрме ашылды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында Астанада «Көшпенділер рухы: шексіз көкжиек» атты фотокөрме ашылды. Көрмеге қазақстандық Анзор Гасаев пен Александр Кузнецовтың, сондай-ақ британдық Конор Макнейл мен венгриялық Шандор Карачонның бірегей кадрлары қойылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Көрменің ашылуына дипломаттар, инфлюенсерлер мен өнер сүйер қауым қатысты

Көрмеде көшпенділер әлемімен қайта қауышқандай әсерге бөлейтін керемет пейзаждар мен портреттер, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен таңғаларлық фотосуреттер ұсынылды.

Сондай-ақ, көрме қонақтары қазақтың киіз үйінің инновациялық эко-жобасын, дәстүрлі және заманауи технологияларды қатар қолдану арқылы киіз бен жүннен жасалған бірегей бұйымдарды тамашалай алады.

«Көшпенділер рухы: шексіз көкжиек» көрмесі 17 қыркүйекке дейін жалғасады.