Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

0
547

ҚМДБ өкілі бұқаралық ақпарат құралдарына қосымша ресми мәлімет берілетінін атап өтті.


Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

ERNUR.KZ. Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкерін пышақтап кетті. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ауыр жарақат алған мешіт қызметкері дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы ауыр.

Мешіттің шаруашылық жұмыстарын жүргізетін қызметкерді суық қарумен жарақаттаған күдікті ұсталды. Бұрын сотталған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Болған оқиға себептері анықталуда.

Алдын ала мәлімет бойынша қылмыстық оқиғаға отбасылық қақтығыстар, дәлірек айтқанда күдікті азамат пен оның әйелі арасындағы дау-жанжал себеп болған», - деп жазды А.Қонарбайұлы Facebook-тегі парақшасында.

ҚМДБ өкілі бұқаралық ақпарат құралдарына қосымша ресми мәлімет берілетінін атап өтті.