ІІД мәліметінше, балалар өз беттерінше терезеге шығып отырған.
Астанада соңғы 10 күн ішінде балалардың терезеден құлау деректері тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Соңғы 10 күнде Астанада үш бала терезеден құлап кетті. Өкінішке қарай, біреуі өліммен аяқталды", - деп хабарлады ІІД өкілдері. Полициядағылар мұндай жағдайлардың балалардың қараусыз қалуымен байланыстырып отыр. ІІД мәліметінше, балалар өз беттерінше терезеге шығып отырған. Олар оған терезенің маңында тұрған жиһаздар арқылы мінген. Осыған байланысты Астана қалалық ІІД өкілдері ата-аналарға терезе ашық қалған жағдайдағы басты қауіпсіздік ережелерін еске салып, абай болуды ескертеді.