Астанада отшашуға бөлінген қаржы Арысқа аударылады

0
917

Ашық аспан астындағы гала-концерт те мерекелік бағдарламадан алынып тасталған.


Астанада отшашуға бөлінген қаржы Арысқа аударылады

ERNUR.KZ. Елорда күніне орай отшашуға бөлінген қаржы Арыс қаласының тұрғындарын қолдау қорына аударылады, деп жазады 24.kz.

Жалпы, бас қаланың туған күніне орай бұрын 300-ге жуық іс-шара өтетін еді. Биыл оның саны 3 есе қысқартылды. Сәйкесінше шығын да азайды. Қаланың әр жерінде ұйымдастырылатын 100 шараның 70-тен астамын тегін тамашалауға болады. Биыл Open Air секілді ірі шаралар өтпейді. Ашық аспан астындағы гала-концерт те мерекелік бағдарламадан алынып тасталған. Шетелдерден әншілер шақырылмайды. Есесіне қаланың бірнеше алаңда шағын концерттер ұйымдастырылады. Мәдени-спорттық шаралар қала шетіндегі шағын аудандарда да өтеді.

Айта кетейік, елордадағы мерекелік шараларды арыстық 200 бала тамашалайды.