Астанада Республика күні қарсаңында "Күйшілер аллеясы" ашылды

0
1 179

Күйшілердің тізімін Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының арнайы ғылыми тобы құрды.


ERNUR.KZ.Елордада атақты күйші Дина Нұрпейісова ескерткішінің жанында музыканттар аллеясы ашылды, онда домбыра, қобыз, сыбызғы ойнаған жүздеген аты аңызға айналған күйші-музыканттардың есімдері жазылған ерекше мемориал орнатылды, деп жазады BAQ.KZ.

"Күйшілер аллеясы" музыкалық аллеясының тас мемориалында көрнекті композиторлардың жүзден астам есімдері жазылған.

“Бұл тастың салмағы шамамен 12 тонна. Алматыдан осында алып келу, бұл үлкен еңбек болды. Мұнда мәрмәр тасқа 101 адамның есімі жазылған. Бұл күйшілер, өнер саласындағы еңбегімен қазақ халқының құрметіне қол жеткізген біздің аталарымыз, - дейді "Күй анасы" республикалық қорының басшысы Төлеген Қуанышев.

Күйшілердің тізімін Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының арнайы ғылыми тобы құрды. Әр музыканттың өмірбаянын, оның қазақ мәдениетіне қосқан үлесін зерттеді. Қоғам қайраткерлері мұндай ескерткіштер басқа қалаларда да ашылады деп уәде беруде.