Астанада тапа-тал түсте педофил оқушы қызға шабуыл жасады

0
1 979

Оқушы қыз дүкеннен шыққан соң бейтаныс адам соңынан подъездке дейін еріп келген.


Астанада тапа-тал түсте педофил оқушы қызға шабуыл жасады

Төтенше жағдай Астана орталығындағы тоғыз қабатты үйлердің бірінде орын алған. Ер адам тапа-тал түсте 13 жастағы қызға шабуылдады. Қыз ғажайыптың күшімен педофилден қашып үлгерген деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, оқушы қыз дүкеннен шыққан соң бейтаныс адам соңынан подъездке дейін еріп келген. Бірінші және екінші қабат арасындағы баспалдақта педофил қыз балаға шабуылдаған. Қорқып кеткен оқушы айғайлап, қылмыскердің қолынан сытылып шығып кеткен. Әкесі қаскүнемнің соңынан тұра ұмтылған, кейін полицияға хабарласыпты. Тергеушілер жапа шеккен отбасыдан жауап алып, есіктен саусақ іздерін алған.

"Бала әлі не болғанын түсініп тұрған жоқ. 3-4 секунд. Артынан жақындап, ұстап, артынша қашып кеткен. Ол бірден жүгіріп келіп, маған айтты. Далаға шыққанымда ешкімді таппадым", - дейді қыздың әкесі.

Подъездің алғашқы қабатында бейнебақылау камералары орнатылған. Ол жазбалар қылмыстық іс материалдарына пайдаланылады.