Астанада «Жақсы дәрігер» фотокөрмесі өтіп жатыр

0
1 993

Көрмеге 127 сурет қойылған. Сурет авторы – Марат Әміров


Астанада «Жақсы дәрігер» фотокөрмесі өтіп жатыр

ERNUR.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Жақсы дәрігер» фотокөрмесі өтіп жатыр, деп жазады Baq.kz.

5-6 қараша күні болатын көрмені Sultan magazine журналы №2 қалалық аурухана және Нұр Отан партиясымен бірлесіп ұйымдастырған. Әлеуметтік жоба медициналық көмек көрсету деңгейін көрсетуге және медициналық қызметкерлерге деген сұранысты арттыруға бағытталған.

«Sultan magazine журналы 2016 жылдан бері тоқсанына бір рет қазақ, ағылшын, орыс, түрік тілдерінде шығып келеді. Бұл Forbes стиліндегі журнал. Мақсат – әрбір азамат өз ісінің сұлтаны екенін көрсету. Ал бүгінгі шара дәрігерлердің еңбегін көрсетіп, халықпен байланысын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр», - дейді көрмені ұйымдастырушылардың бірі, Sultan magazine журналының бас редакторы Қарагөз Айдаш.

Көрмеге 127 сурет қойылған. Сурет авторы – Марат Әміров.

«Суреттерді түсіруге екі аптадан астам уақыт кетті. Мыңнан аса сурет түсіріп, 127 суретті іріктеп алдық. Суреттер №2 қалалық ауруханаларда, №1 қалалық емхана, №2 балалар ауруханасы және басқа да емханаларда түсірілді. түсірілді. Суретке түсіру барысында жүрегіме қатты әсер еткені – перзентханада инкубаторда жатқан 24 апталық, 7 айлық шала туылған сәбилер», - дейді фотограф Марат Әміров

Фотокөрме аясында халыққа тіс дәрігері, жүйке аурулары дәрігері, жүрек аурулары дәрігері, педиатр, терапев, косметологтар тегін медициналық тексерулер жүргізді. Сондай-ақ жұмыспен қамту жәрмеңкесі ұйымдастырылды.