Астанада жойқын өрт: оқиғаның мән-жайы

0
1 127

Өртену аумағы шамамен 1 200 шаршы метр болған


Астанада жойқын өрт: оқиғаның мән-жайы

ERNUR.KZ. Астананың сол жағалауында шыққан өртті төтенше жағдайлар қызметінің 67 қызметкері сөндірген. 13 ақпанда кешкісін Астанада ірі өрт болды, Тұран көшесінде орналасқан Highvill Kazakhstan кеңсе ғимараты өртенген. Оқиғаның видеосы желіде жарияланды, деп жазады sputniknews.kz.

Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын айтты. Өрт туралы хабар 21:11-де жетіп, бес минуттан соң оқиға орнына бірінші өрт сөндіру жасағы келген. Құтқарушылар келгенде ғимараттың ішкі конструкциясы құлап, өртті кеңсенің сыртынан сөндіруге тура келді.

"Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Владимир Беккердің басшылығымен жедел штаб құрылды", - деп атап өтті ведомство.

Өрт 22:45-те ауыздықталып, 01:42-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге елорданың төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 67 адам және 17 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылған.

Болжам бойынша, өртену аумағы 1 200 шаршы метр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.