Астанада жыл басынан бері 38 бала жоғалып кеткен

0
441

Олардың арасында ІІО-да ерекше бақылауда тұрған жасөспірімдер де бар.


Астанада жыл басынан бері 38 бала жоғалып кеткен

ERNUR.KZ. Астанада жыл басынан бері 38 бала жоғалып кеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Астана қалалық ПД ювеналды полиция қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуына жол бермеу мақсатында елорда аумағында профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

«Кейбір ата-аналардың немқұрайлылығы мен бақылауының жоқтығына байланысты балалар өздерінің тұрған жері туралы ескертуді қажет деп санамай, үйден шығып кетеді.
Жыл басынан бері қала аумағында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар кәмелетке толмағандардың хабар-ошарсыз жоғалып кетуінің 38 фактісін тіркеді, олардың арасында ІІО-да ерекше бақылауда тұрған жасөспірімдер де бар. Барлық балалар табылып, заңды өкілдеріне табысталды», - делінген хабарламада.

Мәселен, сағат 19:53-те «102» арнасына кәмелетке толмаған ұлының Қарталы көшесінің бойындағы мектептен шығып кетіп, қайтып оралмағаны туралы қоңырау келіп түскен. Ол кешігетіні туралы айтпаған. 12 жасар баланың заңды өкілі өз бетінше ұлын іздей бастаған. Алайда іздеу нәтиже бермегендіктен, ол полицияға жүгінген. Іздеу іс-шаралары барысында жасөспірім табылып, анасына тапсырылды. Онымен профилактикалық жұмыс жүргізілді.

«Тәртіп сақшылары тұрақты негізде тұрғын үйлердің аулаларын, саябақтарды, скверлерді және жастар мен кәмелетке толмағандардың шоғырланатын басқа да орындарын тексереді. Астана қалалық Полиция департаменті ата-аналарға кәмелетке толмағандарға түнгі уақытта ойын-сауық орындарында сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін, ал заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін болуға тыйым салынғанын еске салады.
Егер жасөспірім кешкі уақытта үйге келе жатса, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оның алдынан шығып, күтіп алуға тырысыңыз. Егер сіз баланың жүрген жерін білмесеңіз және ол телефон қоңырауларына жауап бермесе, уақытты жоғалтпай, дереу полицияға хабарласыңыз. Сонымен қатар полиция қызметкерлері заңды өкілдерге бала тәрбиесі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді», - дейді тәртіп сақшылары.