Президенттің айтуынша, мектеп ең қауіпсіз орынға айналуға тиіс.
ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы мектепте баспалдақтан құлаған оқушының оқиғасын айтып, білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті толық тексеруді тапсырды, деп жазады tengrinews.kz.
Президенттің айтуынша, мектеп ең қауіпсіз орынға айналуға тиіс. Мектепте балалар өздерін қай жағынан да жайлы сезінуі керек. Бөгде адамдардың мектепке кіруіне жол беруге болмайды.
"Сондықтан, білім ошақтарының бәріне дабыл қағу, бейнебақылау жүйесі орнатылады. Жақында Астана мектептерінің бірінде оқыс оқиға болды. Оқушы ауыр жарақат алды. Бұл жағдай білім ошақтарында қауіпсіздік талаптары толық сақталмайтынын көрсетіп отыр. Әсіресе, көп жыл бұрын салынған ескі мектептер талапқа сай емес. Министрлік әкімдіктермен бірлесіп, мектептердің қауіпсіздігін толық тексеруі керек. Сондай-ақ, жаңа мектептердің жобасын жасағанда бұл мәселе мұқият ескерілуге тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.