Астанадағы министрліктер үйінің маңын қоршауға себеп болған сөмкенің иесі табылды

0
1 170

Полицейлер Астананың сол жағалауындағы қозғалыстың шектелуіне себеп болған сөмкенің иесін тапты,- деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Мәңгілік ел мен Достық көшелерінің қиылысындағы Министрліктер үйі маңы бейсенбі күні таңертең иесіз жатқан сөмкенің кесірінен қоршауға алынғанын хабарлаған болатынбыз.

Табылған сөмкенің иесі ІІД жедел басқармасы орталығының бақылау камерасы арқылы анықталды.

"28 жастағы ер адамның түсіндіруінше, көлігін қойып қайтып келу үшін сөмкені жолдың шетіне тастап кетіпті", — делінген полиция хабарламасында.

Сонымен бірге камералар ер адамның жол жүру ережесін бұзғандығын анықтаған. Сөмкенің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.