​Астанадағы түрме жабылады

0
2 451

Енді біз басқа облыстарда аралас түрдегі түрмелерді қарастырып отырмыз.


​Астанадағы түрме жабылады

ERNUR.KZ.Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов елордадағы қатаң режимдегі түрме жабылатынын мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

«Астанадағы қатаң режимдегі түрме жабылып жатыр. Бұл түрменің орнына қоныс колониясы ашылатын болады. Енді біз басқа облыстарда аралас түрдегі түрмелерді қарастырып отырмыз. Бұған дейін қатаң және орташа режимдегі абақтылар болса, қазір аралыс қылып салып жатырмыз. Қазір Қызылорда облысында сондай түрме ашылып жатыр», - деді Ахметжанов.

Ол аралас түрмелердің енгізілуі сотталғандардың өз жазаларын туған өңірлерінде өтеп, туыс-таныстарымен байланыста болуын қамтамасыз ететінін айтты.

«Осы уақытқа дейін аталған өңірде тек қатаң режимдегі түрме болды. Ал орта дәрежелі немесе ауыр емес қылмыс жасаған Қызылорда азаматтары Ақмола, Қостанай секілді аймақтарда жазаларын өтеулеріне тура келді. Осы себепті біз аралас режимдегі түрмені енгізіп отырмыз. Алдағы уақытта 300 жуық қызылордалық азамат өз жазаларын туған өңірінде өтейтін болады. Мұның астарында сотталушылардың өз туыстарымен қарым-қатынасын үзбесін деген де ниет жатыр», - деген ол бұл жұмыс әрі қарай жүргізілетінін мәлімдеді.

Бұған дейін ҚР Бас прокурорының орынбасары елдегі қылмыстық саясатты ізгілендіру аясында бостандыққа шығатын 5 мыңға жуық сотталған азаматтың арасында кісі өлтіргендер мен адам зорлаушылар жоқ екенін мәлімдеген болатын.