Астанадағы жаңа ауданның әкімі тағайындалды

0
1 804

Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы барысында депутаттар Астана қаласында жаңадан құрылған «Байқоңыр» ауданының жаңа әкімінің тағайындалуын мақұлдады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Байқоңыр» ауданының әкімі қызметіне Ерлан Каналимовтың кандидатурасы ұсынылған. Мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады.

Каналимов Ерлан Ермекұлы 1982 жылы 22 тамызда дүниеге келген. Астана қаласының Басқару институтында, Қазақстан-Ресей университетінде білім алған. Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және кадрлық бөлімінің бас маманы, бастығы, аудан әкімінің кеңесшісі, Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, Аппарат басшысының орынбасары, Астана қаласы әкімдігі «Дағдарыс орталығы» КММнің директоры болған. Жаңа тағайындауға дейін "Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы" ММ-нің басшысы қызметін атқарған.

Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, бірқатар мерейтойлық медальдармен марапатталған.