Астанадағы дауылда 13 адам жарақат алған

0
2 265

Сондай-ақ, «Қазгидромет» РМК-ның мәліметі бойынша 23 мамырда елорда аумағында желдің күшеюіне байланысты дабылды ескерту жарияланды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 25 м/с (нормадан 2 есе артық) дейін жетпек.

Астанадағы дауылда 13 адам жарақат алған

ERNUR.KZ. Астанадағы дауылдан 13 адам жарақат алған. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаеваға facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Қазіргі уақытта Астанадағы коммуналдық қызметтер күшейтілген режімге көшіп, дауылдың салдарын жою үстінде. Сағат 14:30-дағы жағдай бойынша 13 адам өміріне қауіп төндірмейтін жарақатпен жедел медициналық көмек шақырған. Ең ірі оқиғалардың ішінде - Түркістан көшесіндегі құрылыс алаңындағы кранның құлауы, Бейбітшілік және келісім сарайы ғимаратының керамогранитінің құлауы, Арнасай 127 көшесіндегі тұрғын үйдің, № 24 орта мектептің, Үркер шағын ауданындағы Е- 638 көшесіндегі №91 балабақша шатырының ұшып кетуін атап өтуге болады», - деп жазды Э.Жүргенбаева Фейсбуктегі парақшасында.

Оқыс оқиғалардың салдары туралы ақпаратты (фото, видео) қала тұрғындары 109 телефоны бойынша Ikomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына хабарлай алады.