Астаналық кәсіпкер 4 жылдан бері 100 вагон көмірін күтіп жүр

0
597

Көмір үшін 40 млн теңге төленген.


Астаналық кәсіпкер 4 жылдан бері 100 вагон көмірін күтіп жүр

ERNUR.KZ. 2019 жылдың маусым айында астаналық кәсіпкер Қарағанды "көмір кенішінің иесімен" көмір сатып алу бойынша келісімшартқа қол қойған. Сенімді болу үшін келісімшартқа нотариус кепілдік берген, деп жазады inbusiness.kz.

Келісімшартқа сәйкес Қарағанды тұрғыны 100 вагон көмір жеткізуі керек еді, бұл үшін оның есепшотына 40 млн теңге аударылған. Содан міне, үш жылға жуық уақыт өтсе де, кәсіпкер тауарды алмаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында орталық полиция бөлімінің қызметкерлері 44 жастағы “көмір шахтасының иесін” анықтап, ұстады. “Кәсіпкерлерге” қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.