Астаналық полиция қызметкерлері әлеуметтік желідегі видеодан кейін қызметінен босатылды

0
2 191

Кадрда үш полиция қызметкері лифтке кіреді, біреуінің қолында бөтелке бар.


Астаналық полиция қызметкерлері әлеуметтік желідегі видеодан кейін қызметінен босатылды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Астанадағы тұрғынүйлердің бірінде бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео тарады. Оқиғаға елордалық полиция департаментінің басшысы пікір білдірді, деп жазады stan.kz.

Видеоны Egоv.press Telegram-арнасы жариялады. Кадрда үш полиция қызметкері лифтке кіреді, біреуінің қолында бөтелке бар. Деректерде тәртіп сақшылары мас екені айтылған.

Бұл оқиғаға Астана қалалық полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев ресми Facebook-парақшасында пікір білдірді.

"Әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда жарияланған полиция департаменті қызметкерлері бар видеоға қатысты астаналық полиция департаменті қызметтік тергеу жүргізді. Олар жұмысынан босатылды", - деп мәлім етті ол.