Астаналық студенттер арасында туберкулез жұқтыру көрсеткіші артқан

0
866

Елордада 1 мыңнан астам ана сәбиіне туберкулезге қарсы вакцина салғызбағаны белгілі болды.


Астаналық студенттер арасында туберкулез жұқтыру көрсеткіші артқан

ERNUR.KZ. Елордалық маман студенттер арасында туберкулез дертінің өсуіне алаңдаушылық танытты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жоғары оқу және орта арнаулы кәсіптік білім беру орындарында студенттер арасында туберкулезбен сырқаттану жағдайы алаңдатады. Өткен жылы студенттер арасында туберкулез инфекциясын жұқтыру 37 жағдайы тіркелді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 13 жағдайға жоғары. Студенттердің туберкулезге шалдығуының негізгі себептері - медициналық көмекке уақтылы жүгінбеу, денсаулыққа немқұрайды қарау», - деді Астана қаласы санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде.

Бұған дейін Ж. Пралиева туберкулез жұқтырған астаналықтардың 53,9%-ы еңбекке қабілетті жаста екенін айтқан болатын.

Сондай-ақ, елордада 1 мыңнан астам ана сәбиіне туберкулезге қарсы вакцина салғызбағаны белгілі болды.

Одан бөлек, брифинг барысында туберкулезден емделушілерге қандай әлеуметтік қолдаудың бары айтылды.

Айта кетсек, бүгін туберкулезге қарсы дүниежүзілік күрес күні. Атаулы датаға орай 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында елордада «Біз туберкулезді жеңе аламыз» деген ұранмен айлық өтті.