Астаналық жігіт "Гарант 24"-ке қойған көлігін қалай қайтарып алғанын айтты

0
972

Ломбард ережесі бойынша, көлігін қойған Арман 600 мың теңге алуы тиіс болған.


Астаналық жігіт

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан тұрғыны Арман "Гарант 24"-ке қойған көлігін қалай қайтарып алғанын айтып берді. Ол көлігін хабарламалар сайтынан көріп қалған, деп жазады тengrinews.kz.

1 ақпанда елорда тұрғыны "Гарант-24"-ке құны 3,5 миллион теңге болатын көлігін қойған. Ломбард туралы ол әлеуметтік желілерден білген.

"Қазақстандық жұлдыздар әлеуметтік желілерде "Гарант-24" ломбардын жарнамалай бастаған соң көлігімді сонда қойдым. Зардап шеккендердің 80 пайызы осы жарнамадан естіген болар деп ойлаймын", - дейді Арман.

Ломбард ережесі бойынша, көлігін қойған Арман 600 мың теңге алуы тиіс болған.

"Көлігімнің нарықтағы бағасы 3 миллион 400 мың теңге. Ломбард оны 4 миллион теңгеге бағалады. Төлемнің мөлшері - 600 мың теңге, олар оны үш айда береміз деді. Алайда уәде берген ақшаны мен алмадым. Келісімшартта ломбардтың көлікті сатуға құқығы бар екені көрсетілді. Мен тәуекелге бардым, барлығын нотариуспен рәсімдедік. Бірақ, шындап келгенде, келісімшарттың заңсыз екені анықталды", - деді Арман.

Содан ақпанның ортасында Арман хабарламалар сайтында өзінің көлігін көріп қалады. Оның бағасы 3,5 миллион теңге деп көрсетілген. Осыдан кейін ол сатушыларға хабарласып, көлікті көруге келісіп, полицейлерді шақырған.

"Полицейлерге жағдайды түсіндірдім, дәлелдер болуы үшін барлығын видеоға түсірдім. Қажет құжаттарды, техникалық паспортты көрсеттім. Сатушылар көлікті басқа біреуден (ломбардтан емес) арзанға алғанын айтып түсіндірді. Менің түсінгенім, олардың бұл алаяқтыққа қатысы жоқ. Бұл менің болжамым", - дейді Арман.

Бірнеше күннен кейін Арман көлігін алып кетті.