Астық қоймасында бетон плита құлап, жұмысшы мерт болды (фото)

0
880

1973 жылғы транспортер жұмысшысы алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.


Астық қоймасында бетон плита құлап, жұмысшы мерт болды (фото)

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Жақсы ауданында астық қоймасында бетон плита құлап кетіп, 46 жастағы жұмысшы көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға желтоқсанның 5-де сағат 14:59-да Жақсы ауданының Казақ стансасындағы «Жақсы-Астық» ЖШС астық сақтау қоймасында болған.


«№9 және №8 қоймаларының қабырғаларын қосқан бетон плита құлап кетіп, қоймадағы астық төгілді. Осының салдарынан астық кептіру жұмысы кезінде 1973 жылғы транспортер жұмысшысы алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамының 2 қызметкері мен 1 техника, Жақсы ауданды Полиция бөлімінің кезекші жедел тергеу тобынан 4 адам және 1 техника, трассалық медициналық құтқару пунктінен 4 адам және 1 техника, жергілікті атқарушы органнан 15 адам және 4 техника жұмылдырылды. Қазіргі кезде, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», - деді Ақмола облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.