Асxат Аймағамбетов Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

0
1 152

2017-ші жылдың тамызынан бастап осы күнге дейін Білім және ғылым вице-министрі лауазымында болып, мектепке дейінгі және орта білім, сондай-ақ жоғарғы білім мен ғылым мәселелеріне жетекшілік еткен.


Асxат Аймағамбетов Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов аймақ активіне өзінің жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке осыған дейін ҚР Білім және ғылым вице-минитрі болған 36 жастағы Асхат Аймағамбетов тағайындалды, деп жазады тengrinews.kz.

Асхат Аймағамбетов облыс әкімінің орынбсары қызметінде әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік етеді. Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. "Тарихшы, тарих пәнінің ұстазы" және "құқықтану" мамандықтары бойынша екі жоғарғы білімі бар.

Еңбек жолын 2002 жылы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де бастаған. "Аңсар" Жастар лигасын басқарған. Екі мәрте Қарағанды қалалық мәслихатында өзін өзі ұсынушы ретінде депутат болып сайланған. 2012-ші жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Нұра ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы Білім бақсармасының жетекшісі қызметін атқарды.

2017-ші жылдың тамызынан бастап осы күнге дейін Білім және ғылым вице-министрі лауазымында болып, мектепке дейінгі және орта білім, сондай-ақ жоғарғы білім мен ғылым мәселелеріне жетекшілік еткен.