"Атамекен" мүшелік жарнаның алынып тасталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

0
911

Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері жарнаны төлеуді жалғастырады, шағын кәсіпкерлік субъектілері ондай міндеттен босатылған.


ERNUR.KZ. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы мүшелік жарнаның алынып тасталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады sputnik.kz.

22 тамызда primeminister.kz сайтында "Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарналарды төлеу қағидаларын бекіту туралы" үкімет қаулысының күші жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Осыдан кейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында палатада мүшелік жарнаның алынып тасталғаны туралы мәлімет тарады.
"Бұл қаулы Қазақстан президентінің "Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократияландыру жөніндегі шаралар туралы" 13.04.2022 жылғы 872 Жарлығын іске асыру шеңберінде, мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдаудың тиімділігі мен жеделдігін арттыру, құжат айналымы мен есептілікті қысқарту мақсатында қабылданғанын хабарлаймыз. Бұған дейін міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерін мемлекет бекітетін, қазір бұл міндетті ұлттық экономика министрлігі атқарады", - дейді палата мамандары.
Биыл шілде айында ұлттық экономика министрі кәсіпкерлер палатасына төленетін міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерін бекітті. Бұйрықта міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерінің сомасы өзгеріссіз қалды.
Айта кетері, мүшелік жарналарды орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері төлейді. Ал шағын және микро кәсіпкерлік субъектілер ондай міндеттен босатылған.