Ақтаулық ата-аналар тісі жоқ педофил туралы ақпарат таратып жатыр (аудио)

0
1 672

№7 мектеп-лицейі оқушыларының ата-аналары 4 сәуір күні өткен мектеп жиналысында Ақтау қаласының құқыққорғау орган өкілдері күдікті туралы хабарлағанын айтады. Олардың сөздерінше, полиция 26-ықшам аудан аумағындағы «маньяк» жайлы ақпаратты тексеріп жатыр.


Ақтаулық ата-аналар тісі жоқ педофил туралы ақпарат таратып жатыр (аудио)

иллюстарциялық фото: arnapress.kz

ERNUR.KZ . Әлеуметтік желіде, Ақтау тұрғындарын сақ болуға шақыратын хабарлама тарады. Онда кәмелетке толмағандарға «тиіскен» бірнеше жағдай айтылады. 4 сәуір күні Ақтаудағы оқу орындарының бірінде құқыққорғау органдарының өкілдері күдікті азаматтың белгілерін жариялады. Ол туралы ата-аналар мектептегі жиналыстан соң мәлімдеген,-деп хабарлайды ERNUR.KZ lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Таратылған аудиожазбада қаланың жоғарғы жағында жасөспірімдерге қатысты жыныстық әрекет жасалмақ болғаны хабарланады.

хабарлама аудиожазбасы


№7 мектеп-лицейі оқушыларының ата-аналары 4 сәуір күні өткен мектеп жиналысында Ақтау қаласының құқыққорғау орган өкілдері күдікті туралы хабарлағанын айтады. Олардың сөздерінше, полиция 26-ықшам аудан аумағындағы «маньяк» жайлы ақпарат тексеріп жатыр.

Бегісіз күдіктінің белгілері: еуропа нәсілді, бойы ұзын, көк көзді, ақсап жүреді, алдыңғы тістері жоқ.

- Бізге балаларды көшеге жалғыз жібермеу туралы және сақ болуды ескертті. Балаларды азғырмақ болған бірнеше оқиға туралы айтты, - дейді ата-аналар.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД-і тілшілерге әзірге қандай да бір түсінік берген жоқ.