Қазір Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылардағы балаларға ай сайын азық-түлік пен тұрмыстық химия жиынтықтары беріледі.
ERNUR.KZ. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік көмек ақшалай берілетін болды, деп жазады exk.kz.
Қазір Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылардағы балаларға ай сайын азық-түлік пен тұрмыстық химия жиынтықтары беріледі. Оның ішіне балаларға арналған пюре мен печенье, пастерленген сүт, май, бал және тағы басқа да тағамдар кіреді.
Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың айтуынша, биылғы 9 айда осындай азық-түлік жиынтықтарын 178,4 мың отбасы алған. Бұл іске 16,7 миллиард теңге кеткен.
Ал енді жаңа жылдан бастап тамақтың орнына балаларға ай сайын 5 мың теңге (1,5 АЕК) көмек беріліп отырады.
Жаңа жылдан бастап бала күтімі бойынша төлемдер кезеңі 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды. Елімізде бала туған кезде бер рет, сондай-ақ ай сайын бала күтіміне жәрдемақы беріледі. Көпбалалы және жағдайы қиын отбасыларға АӘК төленеді, дейді Премьер-министр.