Іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылан ауданарлық сотына басқа құраммен жаңадаң қаралуына жолданды.
фото: видео кадры
ERNUR.KZ. Атбасар ауданының Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімінің күші жойылды, деп жазады tengrinews.kz.
Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы бойынша, сот үкімінің күші жойылды. ҚАЖК қызметкерлері Атбасардағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамдарға әсер етудің рұқсат етілмеген әдістерін қолданды деп айыпталған болатын (ҚК-нің 146-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы - Азаптау).
"Алқабилер алқасының шешімі бойынша, ҚАЖК қызметкерлері кінәсіз деп танылып, қылмыс оқиғасының болмауы ақталды", - делінген хабарламада.
Үкімнің күшін жоюға бірінші сатыдағы сотымен жіберілген процестік заңбұзушылықтар негіз болды:
- Алқабилердің қатысуымен талқылауға жатпайтын мәселелер зерттелген. Бұл олардың жәбірленушілерге қатысты дұрыс емес пікірін тудыруға ықпал ету мүмкін.
- Сонымен қатар, бірқатар жәбірленушілерге жарыссөздерде сөз сөйлеу қамтамасыз етілмеген.
Іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылан ауданарлық сотына басқа құраммен жаңадаң қаралуына жолданды.
Айта кетейік, тұтқындарды ұрып-соғып жатқан видеолар әлеуметтік желілерде 2023 жылдың қыркүйегінде тараған болатын.