Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары екі айға қамауға алынды

0
622

Ол тергеу абақтысына қамалды.


Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары екі айға қамауға алынды

ERNUR.KZ. Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары тергеу кезеңіне қамауға алынды, деп жазады zakon.kz.

"Сот 10 қыркүйекте ұсталған Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаровқа 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

Олар тергеу абақтысына қамалды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-тармағы (Қылмыстық топ жасаған, сондай-ақ аса ірі мөлшерде пара алу) бойынша тергелуде. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, онда оларға параның 80 еселенген мөлшерінде айыппұл төлеу немесе мүлкін тәркілеумен 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы беріледі.

Естеріңізге салсақ, 10 қыркүйекте Таубаев пен Басаров 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталған еді. Айта кету керек, дәл осы күні Таубаев Түркістанға іссапармен ұшуы керек болатын.