Атырау облысында 27 жастағы жұмысшы қаза тапты

0
599

​24 шілдеде жекеменшікке тиесілі техникалық жөндеу орталықтарының бірінде қайғылы оқиға орын алды.


Атырау облысында 27 жастағы жұмысшы қаза тапты

ERNUR.KZ. Шетелдік көлікті жөндеу кезінде 27 жастағы жұмысшы қаза тапты, деп жазады zakon.kz.

Ер адамның өлімі туралы фактіні Атырау облысының полиция департаменті растады.

"Атырау қаласындағы мекемелердің бірінің жұмысшысының өлім фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу шаралары қолға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Полиция тергеу жүргізіліп жатқандықтан қайғылы оқиғаның мән-жайына қатысты толығырақ ақпарат беруден бас тартты.