Дәрігерлер 5-ші желтоқсанда жүкті әйелге ЖРВИ белгісімен медициналық "жедел фарингит" диагнозын қойған.
ERNUR.KZ. Атырау облысында 29 жастағы әйел жүктіліктің 36-аптасын өткеріп жүрген. Алайда, жіті респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) диагнозымен ауруханаға түсіп, бір күннен соң көз жұмған, деп жазады inbusiness.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растаған дерекке қарағанда, оқиға Махамбет ауданында тіркелген.
Махамбет ауданының тұрғыны жүктіліктің 36-аптасында жергілікті аурухана дәрігерлерінің көмегіне жүгінген. Бұған оның денсаулығындағы өзгеріс себеп болған. Жергілікті дәрігерлер 5-ші желтоқсанда жүкті әйелге ЖРВИ белгісімен медициналық "жедел фарингит" диагнозын қойған. Алайда науқас келесі күні қайтыс болған.
"Қазір 29 жастағы жүкті әйелдің қайтыс болуына байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жүкті әйелдің қайтыс болу себептері анықталып жатыр. Сарапатама қорытындысы белгілі болғаннан кейін толық беріледі", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.