Атырау облысында қайтыс болған ақтаулық сарбазға қатысты ресми дерек айтылды

0
387

Марқұм әскери борышын өтеуге былтыр күзде аттанған.


Атырау облысында қайтыс болған ақтаулық сарбазға қатысты ресми дерек айтылды

ERNUR.KZ. Атырау облысында қайтыс болған маңғыстаулық шекарашыға қатысты ресми ақпарат жария болды, деп жазады Экспресс К.

Атырау облысында әскери борышын өтеп жүріп қайтыс болған маңғыстаулық Нұрбек Ерғалиевке қатысты ақпаратты шекара қызметі араға бір күн салып барып жария етті. Әскери міндетін атқару кезінде қайтыс болған сарбаздың өліміне денсаулығы себеп болған.

"2022 жылғы 17 тамызда Атырау облысында Мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде қызметін өткеріп жүрген Шекара қызметінің әскери қызметшісі Нұрбек Ерғалиев қайтыс болды. Сот-медициналық сараптау нәтижесі бойынша кенеттен жүрегі тоқтап қалғаны анықталды. Әскери қызметшінің өлімі дерегіне қатысты тергеу органдары қылмыстық іс қозғады", — деп хабарлады ҰҚК шекара қызметі.

Маңғыстаулық қоғам белсендісі Бибігүл Рамазан оқиға басқаша сипатта болғандығын жазды."Әскерге борышын өтеуге кеткен ақтаулық сарбаз 2003 жылы туған Нұрбек Ерғалиев 18 тамызда үйіне табытпен оралды. Түнде әлеуметтік желіде сарбаздың туыстары хат жазып, былай деп жазды: "Сарбаз мәйітханада жатыр. 20 адам баланы алып келді, Шекараға 5 сарбаз аттанып, келе жатқанда көлік бұзылған. Көлікті шығара алмаған соң 3 сарбаз оқиға орнында қалады. Көліктегі командирі екеуі көмек сұрауға байланыс ұстайтын жер іздеп кеткен. "Жолда әлсіреп бастарымыз айналып құстық, Нұрбектің аяғы істемей қалып, әлсіреп өліп қалды. Қасындағы жігіт жолға шығып жаттым көмек келді" депті командирі. Сарбаз күндіз қайтты, үйіне қаралы хабарды түнгі үште жеткізген", — деп жазды қоғам белсендісі.

Туыстарының жанайқайын жеткізген қоғам белсендісі оқиға әскери бекеттен 80 шақырым жерде болғандығын жазды.

"Кеткен сарбаздар ішке келмеген соң, сағат 12-00 де артынан іздеп екі көлік жіберген. Сарбаз денесі сағат 18-00 де табылды деп хабар берді. Сонда сарбаздар таңертең міндетіне кірісіп, көлік бұзылып қалай қайтыс болғаны түсініксіз, дейді Бибігүл Рамазан.