​Атырау облысында коронавирус жұқтырған үш науқас жансақтау бөлімінде

0
938

Қазіргі уақытта Атырау облысында провизорлық стационарларда 35 адам, карантиндік стационарларда 196 адам бар.


​Атырау облысында коронавирус жұқтырған үш науқас жансақтау бөлімінде

Атырау облысында коронавирус жұқтырған үш науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Инфекциялық стационардағы екі емделуші ауыр жағдайда, олар жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды Атырау облысы бойынша төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта инфекциялық стационардағы 148 адамның үшеуі жансақтау бөлімінде. Тағы үш науқас ауыр жағдайда, оның екеуіне өкпені жасанды желдету аппараты қосылған.
"35 емделушіде ауырлық дәрежесі орташа, қалғандарында ауруы жеңіл түрде өтуде. Төрт науқас инфекциялық стационардан шығуға дайындалуда", - деп түсіндірді штабтағылар.
Айта кетейік, бүгінде ЖРВИ белгілері бар провизорлық стационарларда 35 адам, карантиндік стационарларда 196 адам бар. Үй карантиніне 1654 адам орналастырылған.