Сүңгуірлер үш күннен бері 1975 жылғы ер адамның денесін су астынан іздеп жатыр.
ERNUR.KZ. Атырау облысында мұз астына түсіп кеткен ер адамның денесі үш күннен бері іздестіріліп жатыр, деп жазады sputnik.kz.
5 қаңтарда сағат 11:14-те Атырау қаласының Жұмыскер ауылында Жайық өзенінде 2 адам мұз астына түсіп кеткен.
Атырау облысы ТЖД құтқарушылары мен Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері 1974 жылы туған азаматты құтқарып, облыстық ауруханаға жеткізді.
Сүңгуірлер үш күннен бері 1975 жылғы ер адамның денесін су астынан іздеп жатыр.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 11 құтқарушысы, 2 бірлік техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.