Атырау облысында полиэтилен шығаратын зауыт құрылысының жобасы талқыланды

0
341

Полиэтилен шығаратын зауыттың қуаты 1,25 миллион тоннаны құрайды.


Атырау облысында полиэтилен шығаратын зауыт құрылысының жобасы талқыланды

ERNUR.KZ. Астанада "ҚазМұнайГаз" (ҚМГ) ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев "СИБУР" ЖШҚ басқарма төрағасы және бас директоры Михаил Карисаловпен және China Petrochemical Corporation (Sinopec) президенті Чжао Донгпен кездесті, деп жазады sputnik.kz.

Тараптар Атырау облысында қуаттылығы 1,25 миллион тонна полиэтилен шығаратын зауыт құрлысының жобасын жүзеге асыруды талқылады.
"Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біз Қазақстандағы ең ірі газ-химия жобасын сәтті жүзеге асыра алатынымызға сенімдімін. Бұл жоба ел экономикасы үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды және ҚМГ ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына жауап береді", - деді Мырзағалиев.
Болашақ полиэтилен шығаратын зауыттың жобалық қуаты жылына 1,25 млн тоннаны құрайды. Кәсіпорын Қарабатан арнайы экономикалық аймағының аумағында Теңіз кен орнына жақын жерде (Атырау облысы) салынады.
17 қазанда Бейжіңде Қазақстан президентінің қатысуымен ҚМГ, СИБУР және Sinopec полиэтилен өндіру жобасындағы үлесті сату-сатып алу туралы келісімге қол қойды.
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ - Қазақстандағы мұнай-газ саласы бойынша процестерді реттейтін және жүзеге асыраиын ұлттық компания.
"Силлено" ЖШС - Атырау облысындағы бірінші интеграцияланған газ-химия кешенін салу жобасының (полиэтилен жобасы) екінші кезеңінің операторы.
Sinopec – энергетика және мұнай-химия корпорациясы және көлемі бойынша екінші ірі химиялық компания.
"СИБУР Холдинг" (СИБУР) ЖАҚ - полимерлер мен каучуктар өндірісіндегі ресейлік көшбасшы компания, мұнай-химия холдингі.